Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

«Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өз қызметін 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас мамандары жүзеге асырады.
Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі 14 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) тұрғын үй көмегін тағайындау;
2) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту;
3) еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру;
4) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды ұзарту;
5) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
6) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат беру;
7) сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;
8) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
9) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
10) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;
11) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктер беру;
12) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктердің телнұсқасын беру;
13) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу;
14) ре адамға куәлік беру;
15) мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
16) мүгедектігі бар адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
17) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
18) мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
19) мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; 20) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
21) үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
22) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
23) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру; 24) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
2024 жылы Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсеткен мемлекеттік қызметтердің барлығы — 1137, оның ішінде мемлекеттік Корпорация арқылы — 412; электрондық үкімет порталы арқылы-172; уәкілетті органда-553. 2024 жылы ең көп сұранысқа ие қызметтер: «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» болды.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Шортанды ауданы әкімінің сайтында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық стендтерінде орналастырылған. Стандарттар Шортанды ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушылардың уақтылығы, қанағаттануы сапасының өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2024 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады (ақпараттық стендтерді жаңарту, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізу), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету бойынша (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау). 
Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
             
Халықтың назарына:
 
Есепті жария талқылау 2024 жылдың 1 наурыздан 30 наурызға дейін өтеді, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлерін, ұсыныстары мен ескертулерін www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.
 
Байланыс ақпарат:
 
Шортанды кенті Құлагер тұйық көше, 29, Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Телефондар: 2-00-08, 2-00-09,2-00-11
Электрондық мекен-жай: ozsp.shr@yandex.kz

Дата публикации
27 февраля 2025
Дата обновления
27 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы