Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңнамасына сәйкес Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22.

Мемлекеттік мекеме бір мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері – otbasybank.kz/programm-bank Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталы (әрі қарай – Портал).

2024 жылы барлығы 34 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ әлеуметтік желілерінде 12 мақала жарияланды: Instagram, Фейсбук.

Халық назарына:

Есепті жария талқылау 2025 жылғы 1 наурыздан 30 наурыз аралығында өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, тілектеріңізді, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға немесе жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты:

 

  1. Телефон: 8 (716 31) 2-15-12, 2-20-68.
  2. Мемлекеттік органның жұмыс уақыты: сағат 9.00-18.30.
  3. Түскі үзіліс: сағат 13.00-14.30.
  4. Демалыс: сенбі, жексенбі.
Дата публикации
27 февраля 2025
Дата обновления
27 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы