
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидалардың негізінде көрсетіледі: қызмет алушылардың тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты ешқандай кемсітусіз тең қол жеткізу;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия көріністеріне жол берілмейтіндігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласында есеп беруі және ашықтық;
мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
«Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Шортанды ауданы "Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің м.а. бұйрығымен бектілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне сәйкес, алты мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі.
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған) /қағаз түрде.
2024 жылы 11 қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші этап бойынша -3, екінші этап -8.
"Сауда– саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық үкімет порталы арқылы арқылы көрсетіледі. 2024 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 91 қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші этап -60, екінші этап - 31.
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) / қағаз түрде. 2024 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру»
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған). 2024 жылы 290 өтініш келіп түсті.
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) / қағаз түрде. 2024 жылы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
"Сауда– саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша негізделген бас тартулардың саны - 6.
«E-gov» бұрышы арқылы 450 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ақпараттық стендте қоғамдық орындарда орналастырылған.
Бозайғыр ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары үш жыл сайын кесте бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Халық назарына:
Есепті жария талқылау 2025 жылдың 01 наурыздан 30 наурызға дейін өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, пікірлерін, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.
Байланыс ақпараты:
Бозайғыр ауылы, Ляна көшесі, 43, «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, телефондар: 8 (71631) 25-6-75, 25-1-35. Электрондық пошта мекен-жайы: bozaygir.akimat@mail.ru.
Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.