
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру- бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
 «Спорттық дәреже тағайындау: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежелі спортшы, 2 жасөспірімдік дәрежелі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежелі спортшы және дәрежелік санатарды, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты жаттықтырушысы, екінші дәрежелі орта денгейлі санатты жаттықтырушысы, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты әдіскер, екінші дәрежелі орта денгейлі санатты әдіскер, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты нұсқаушы - спортшы, спорт төрешісі». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық/қағаз түрінде. 2024 жылы мемлекеттік қызмет бойынша өтініштер түспеді.
 «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындардың жүлдергерлеріне жеңімпаздармен тұрғын үй беру» Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. 2024 жылы өтініштер түскен жоқ
 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ ақпараттық стендінде қоғамдық орындарда орналастырылған, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланады. 2024 жылы Instagram, Facebook, Инстаграм әлеуметтік желілерде 6 мақала жарияланды.
 Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ мамандары үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2024 жылы Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
 Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 26А, Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, телефон нөмірлері: 8 (71631) 3-50-38, электрондық мекенжайы: short_ovp@mail.ru.
 Азаматтарды қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.