Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

«Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2024 жылғы қызметі туралы есеп.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және

мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
&nbspмемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
&nbspмемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
&nbspмемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Шортанды ауданының «Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы цифрлық даму инновация және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жеті түрін көрсетеді:

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.2024 жылы өтініштер түскен жоқ

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық үкімет порталы арқылы. 2024 жылы 0 қызмет көрсетілді.

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны. 2024 жылы электрондық үкімет порталы арқылы -28 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші кезең 13, екінші кезең-15(соның ішінде заңды тұлғаға бірінші этап -1, екінші этап -1). 

4.«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.  2024 жылы 1 мемлекеттік қызмет заңды тұлғаға көрсетілді.

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған). 2024 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде. 2024 жылы өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту саны-0.

 E-gov бұрыштары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 113 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ақпараттық стендте қоғамдық орындарда орналастырылған.

Новоселовка ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары кесте бойынша үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін қызмет алушылардан «Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне шағымдар түскен жоқ.

Халық назарына:

Есепті жария талқылау 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 наурызы аралығында өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты:

Новоселовка ауылы Абай көшесі 18а, «Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, телефон нөмірлері: 8 (71631) 25-5-43,. «Новоселовка ауылдық округі әкімінің мемлекеттік мекемесінің» электронды мекен-жайы shortandy_novoselovka@aqmola.gov.kz.

Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30 ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
26 февраля 2025
Дата обновления
26 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы