Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократизм мен сөз әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Шортанды ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді

 

  1. 00102002«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2024 жылы – 86 қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы – 86, қағаз түрінде – 0 қызмет. 

 

  1. 00501009 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру»

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2024 жылы – 168 қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы – 168, қағаз түрінде – 0 қызмет.

 

  1. 00501010 «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, олардың тіркемелерінің кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайта кепілге) беру) және тіркелген кепілдің, өтімділігі жоғары арнайы машиналар»

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2024 жылы – 25 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ – 25.

 

  1. 01101004 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2024 жылы – 53 қызметкөрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы – 60. 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ақпараттық стендінде көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ аудандық «Шортанды жаршысы» және «Вестник Шортанды» газеттерінде жарияланады. 2024 жылы газеттерде 2 басылым және әлеуметтік желілерде 4 басылым жарияланды: Инстаграм,Фейсбук.

Шортанды ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2022 жылы маман курстардан өтті.

2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан Шортанды ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

Байланыс ақпараты:

Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22, Шортанды ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, тефон нөмірлері: 8-716-31-2-08-96, 2-20-38, 2-14-04, электрондық мекен-жайы shortandy_osh@aqmola.gov.kz.

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
26 февраля 2025
Дата обновления
26 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы