
Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңнамасына сәйкес Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22.
Мемлекеттік мекеме бір мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері – otbasybank.kz/programm-bank Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталы (әрі қарай – Портал).
2023 жылы барлығы 54 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде орналастырылған, сондай-ақ аудандық «Вестник Шортанды» және «SHORTANDY JARSHYSY» газеттерінде жарияланады. 2023 жылы газеттерде 5 мақала және әлеуметтік желілерде 20 мақала жарияланды: Instagram, Фейсбук. Шортанды ауданы әкімдігінің ресми ғаламтор ресурсында 11 мақала.
Халық назарына:
Есепті жария талқылау 2024 жылғы 1 наурыздан 30 наурыз аралығында өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, тілектеріңізді, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға немесе жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.
Байланыс ақпараты: