
Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
ММ 2023 жылға Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есебі
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді
1) 00102002 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктерберу»
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
2023 жылы – 69 қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы – 69, қағаз түрінде - 0 қызмет.
2) 00501009 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру»
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
2023 жылы – 219 қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы – 219, қағаз түрінде - 0 қызмет.
3) 00501010 «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, олардың тіркемелерінің кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайта кепілге) беру) және тіркелген кепілдің, өтімділігі жоғары арнайы машиналар»
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
2023 жылы – 39 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ – 39.
4) 01101004 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
2023 жылы – 53 қызметкөрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы – 53.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» бөлімі ММ ақпараттық стендінде көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ аудандық «Шортанды жаршысы» және «Вестник Шортанды» газеттерінде жарияланады. 2023 жылы газеттерде 2 басылым және әлеуметтік желілерде 4 басылым жарияланды: Инстаграм,Фейсбук.
Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2022 жылы маман курстардан өтті.
2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22, Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, телефон нөмірлері: 8-716-31-2-08-96, 2-20-38, 2-15-82, 2-14-04, электрондық мекенжайы shortandy_osh@aqmola.gov.kz.
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.