Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2023 жылғы қызметі туралы есеп

Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2023 жылғы қызметі туралы есеп

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру- бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Спорттық дәреже тағайындау: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежелі спортшы, 2 жасөспірімдік дәрежелі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежелі спортшы және дәрежелік санатарды, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты жаттықтырушысы, екінші дәрежелі орта денгейлі санатты жаттықтырушысы, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты әдіскер, екінші дәрежелі орта денгейлі санатты әдіскер, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты нұсқаушы - спортшы, спорт төрешісі».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық/қағаз түрінде.

2023 жылы қызмет 5 рет көрсетілді кіші түрі бойынша («2-ші разрядты спортшы» - 2 рет, «2-ші жастар разрядындағы спортшы» - 1 рет, «3-ші жастар разрядындағы спортшы» - 1 рет, «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» – 1 рет).

  1. «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындардың жүлдергерлеріне жеңімпаздармен тұрғын үй беру»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

2023 жылы өтініштер түскен жоқ

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ ақпараттық стендінде қоғамдық орындарда орналастырылған, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланады. 2023 жылы Instagram, Facebook, Инстаграм әлеуметтік желілерде 13 мақала жарияланды.

Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ мамандары үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.  2023 жылғы 03 қаңтардан 2023 жылғы 29 желтоқсанға дейін Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 26А, Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, телефон нөмірлері: 8 (71631) 3-50-38, электрондық мекенжайы: short_ovp@mail.ru.

Азаматтарды қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
27 февраля 2024
Дата обновления
27 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы