
Шортанды ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органдарының 2023 жылғы қызметі туралы есебі
1. Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Шортанды ауданында мемлекеттік қызметтерді аудан әкімінің аппараты, 9 ауылдық, ауылдық округ және 2 кент, 7 дербес бөлім көрсетеді.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2023 жылы Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтің 64 түрі көрсетілді.
|
№ |
Атауы |
Мемлекеттік қызметтер саны |
|
1. |
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында |
23 |
|
2. |
Жер қатынастары саласында |
10 |
|
3. |
Ауыл шаруашылығы саласында |
5 |
|
4. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында |
10 |
|
5. |
Сәулет және қала құрылысы саласында |
4 |
|
6. |
Дене шынықтыру және спорт саласында |
1 |
|
7. |
Құрылыс саласында |
2 |
|
8. |
Әскери қызмет саласында |
2 |
|
9. |
Экономика және қаржы саласында |
1 |
|
10. |
Өзге де мемлекеттік қызметтер |
6 |
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 6263, 2022 жылы 7463 қызметті құрады, оның ішінде:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-1448,2022 жылы 1976 қызметтер;
- электронды түрде барлығы - 4091, 2022 жылы 4678 қызмет («электрондық үкімет» порталы, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері);
– көрсетілетін қызметті берушілер арқылы - 724, 2022 жылы 809 қызмет.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде айқындалады.
Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер (ережелер, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.
Шортанды ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- 11 баннер орналастырылды;
- «Цифрлық Қазақстан» тақырыбы бойынша 2 роллапа (мобильді стенд)
- БАҚ Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде 853 түсіндірме материал (аудандық «Вестник Шортанды», «Шортанды Жаршысы» газеттерінде - 24, Facebook, 829) жарияланды;
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қарастыра отырып, 8 дөңгелек үстел, Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді.
2023 жылы сервистік әкімдіктерді ашу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Жолымбет кенті мен Дамса ауылдық округі әкімдерінің аппараттары қызмет көрсетудің сервистік форматына көшті.
Сондай-ақ, Шортанды ауданында халыққа электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған 43 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жергілікті атқарушы органдары ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар Ақмола облысы әкімінің аппаратына қажеттілігіне қарай жіберіледі.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді. Оқытудан 164 қызметкер өтті (100%). Мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан 25 адам өтті.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жіберіледі.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Ауданның мемлекеттік органдары мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 4 шағым болды. Көрсетілетін қызметті алушылар құқықтарына қалпына келтірілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Шортанды ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар мемлекеттік қызметтерін талдау бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша 10 бақылау іс шарасы өткізілді:
- Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- Шортанды ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Шортанды ауданының «Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- Шортанды ауданының «Новокубанка» ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- Шортанды ауданының «Бектау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша тиісті жұмыс жүргізілді, мемлекеттік органдардың 3 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес мынадай іс шаралар жоспарланған:
Халықтың назарына:
Есепті жария талқылау 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 наурызы аралығында өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз ойларын, пікірлерін, ұсыныстары мен ескертулерін аудан әкімінің www.shortandy.gov.kz сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.
Байланыс ақпараты:
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 021600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі 20
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 021600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі 20, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Шортанды ауданы әкімдігінің қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар shortandy_usl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжай бойынша немесе 8 (71631) 2-11-12 телефоны бойынша қабылданады.