Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Ақмола облысы Шортанды ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (02160 индексi, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылай хан көшесi 20, кабинет 19, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-31)2-18-31, факс 8(716-31)2-18-31, электрондық мекен-жайы: shortandy_sup@akmola.gov.kz) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Шортанды ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң бас маманы, «E-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 100696 теңгеден 136444 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Ұйымдармен және жеке тұлғалармен уақытылы есеп айырысуды жүргiзу. Бухгалтерлiк құжаттарды уақтылы және дұрыс ресiмдеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру және жасалатын қаржылық операциялардың заңдылығы. Жоғары тұрған органдарға, қаржы және салық мекемелерiне есептердi, ақпараттарды және басқа да мәлiметтердi белгiленген мерзiмде ұсыну. Лимиттерге сәйкес қаржы қаражатын жұмсауды жүргiзу және бюджет бойынша бекiтiлген шығыстар сметасы бойынша олардың нысаналы мақсаты, аудан әкiмi аппаратының ақшалай қаражаты мен материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету. Жалақыны уақытында есептеу және төлеу. Активтердiң, арзан құнды және тез тозатын ТМҚ сақтау және пайдалану орындарында сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

Аудан әкiмi аппаратының қызметiн материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету, материалдық құндылықтарды есепке алу және сақтау. Ақша қаражатын, есеп айырысуларды және материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу және жүргiзу. Бюджеттiк өтiнiмдi жасау. Қаржыландыру жоспарын әзiрлеу. Негiзгi құралдардың есебi және қозғалысы. Сайлау бойынша, Төтенше жағдайда, дала өрттерiн сөндiру және әскерге шақыру комиссиясы қаржылық құжаттаманы жүргiзу Бөлiм басшысы белгiлеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында жоғары немесе жоғару оқу орнынан кейiнгi бiлiм, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2.Шортанды ауданының «Iшкi саясат бөлiмi» ММ бас маманы, «E-R-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 95210 теңгеден 128834 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бухгалтерлiк есептiң әртүрi бойынша жұмысты атқару, тапсырыс берушiлер мен жеткiзушiлермен есеп айырысу, жалақы төлемдердi төлеу. Қаржылық құжаттардың рәсiмдеуiн жүргiзедi. Жоғары тұрған органға уақытылы қаржылық құжаттарды, есептердi ұсынады. Мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру және жүргiзу бойынша процедураларды жүзеге асыру, оның iшiнде электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы. Бөлiм қызметкерлерiнiң жұмыс уақытын есептеу табелiн жүргiзу.

Төлемдердi аудару, салық есептеу және аудару, ақшалай қаражат қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарда дұрыс құжаттамалық бейнеленуiн қамтамасыз ету. Негiзгi қорды, ақшалай қаражатты және бөлiмнiң басқа да құндылықтарын есепке алу, шығыстар сметасын орындау, сонымен қатар тауардың, теңгерiмнiң және бухгалтерлiк есептiлiктiң өз құнының есептiк калкуляциясын жасау. Бөлiм мамандарының жұмыс тәжiрибесiн анықтау хаттамасын жүргiзу. Бөлiм басшысымен анықталған өзге де құзыреттiлiктердi жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3.Шортанды ауданының «Iшкi саясат бөлiмi» ММ бас маманы, «E-R-4» санаты, 1 бiрлiк, (негiзгi қызметкердiң 20.02.2023 ж. бала күтiмi бойынша демалысы уақытына дейiн).

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 95210 теңгеден 128834 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бөлiмде iс қағаздарын жүргiзедi, жоғары тұрған органдардың құжаттарын уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Бөлiм жұмысын жоспарлау және талдау, саяси партиялармен, балалар және жастар, этномәдени орталықтармен, дiни және қоғамдық бiрлестiктермен басқа да орталықтармен, БАҚ қарым-қатынас жасау. Жастар, гендерлiк саясатты iске асыру, ҚР мемлекеттiк рәмiздерiнiң қолданылуын және көрнекi ақпарат құралдарының дұрыс қолдану жұмысына жетекшiлiк етедi. Қоғамдық-саяси жағдайдың талдауы және мониторингiн жүргiзу, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша iс шараларға қатысады. Мемлекеттiк органдар мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени бiлiктiлiгiн, ақпараттылығы мен ұйымдастырушылығын қалыптастыру мен үйлестiру. Сайлауды ұйымдастыруға, өткiзуге қатысады, аудандық қоғамдық-саяси және мәдени шараларды ұйымдастыруға, өткiзуге қатысады. Электрондық база мен олар бойынша есептi жүргiзу. Бөлiм басшысымен анықталған өзге де құзыреттiлiктердi жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдар немесе қызмет көрсету саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

4.Шортанды ауданының Шортанды кентi және Бозайғыр

Ауылдық округi әкiмi аппараттарының жетекшi мамандары, «E-G-4» санаты, 2 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 62461 теңгеден 84115 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Елдi мекендер аумағында салық төлеушiлердi және салық нысандарын уақытылы және толық есепке алуды жүзеге асыру. Заңды және жеке тұлғалардың салықты толық және уақытылы төлеуiн бақылау. Мемлекеттiкжәне өңiрлiк бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринарлық құрылымдармен өзара жұмыс iстеу. Жер заңнамасын орындауды ұйымдастырады. Сайлаушылар тiзiмiн жасау және салыстыру. ӘЕҮ жүргiзудi ұйымдастырады. Шаруашылық кiтапты жүргiзу. Халыққа сапалы мемлекеттiк қызметтер көрсету. Округ әкiмi мен оның орынбасарлары немесе оларды алмастырушы тұлғалармен анықталған құзыреттiлiктердi жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымы немесе қызметтер көрсету немесе әскери iс және қауiпсiздiк немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамтамасыз ету немесе ветеринария салаларында жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару;

жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Шортанды ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқарудың бiрыңғай қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Персоналды басқару бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттiк қызметшiлер тестiлеуден өтпейдi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуденөтуге жiберiлмейдi.

Құжаттар Шортанды ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында 7 жұмыс күнi мерзiмде ұсынылуы қажет, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде Шортанды ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

"Б" корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi____________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар: ___________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________ ________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

________                                     ____________________________________
  (қолы)                                         (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

"Б" корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

___________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата
Дата публикации
25 февраля 2020
Дата обновления
25 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы