
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушыларға тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуіне құқығы бар.;
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік.
Құрметті қызмет алушылар!
Егер қызметкерлер көрсетілген тізімнен артық құжат талап қойса, қызмет көрсететін мерзімін орындамаса, мемлекеттік қызметтер үшін төлем сұраса, мемлекеттік қызмет көрсетуге орындауға қарсылық білдірсе, онда сіз Шортанды ауданында Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылауға жауапты - Өзгерісұлы Нұрбақытқа 8 (71631) 2-11-12 телефоны бойынша жүгінуіңіз қажет.