
Тұрғындар назарына!
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және қолданыстағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен қарастырылған органның немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкiметi көзеген тәртiппен көтермеленедi.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
Жалған ақпарат хабарлаған тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкерлiшiлiк алады.