Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту, ауылдық жерлерде дипломы бар кадрларды бекіту мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алты жұмыс күні.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін қызмет алушы baspana Market порталында электрондық цифрлық қолтаңбаның немесе куәландырылған бір реттік парольдің көмегімен тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алу кезінде:

Қағидаларға 2-қосымшаға сай форма бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат немесе сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы дипломы немесе сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

қызмет алушының еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі.

2)  тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу кезінде:

Қағидаларға 2-қосымшаға сай форма бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат немесе сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы дипломы немесе сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

қызмет алушының еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

некеде тұрғандар үшін некеге отыруды (ерлі-зайыптылықты)  мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе қызмет алушылар үшін сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Кредиттік бюродан есеп.

Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық көшірмелері (сканерленген) бекітіледі, олар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе куәландырылған бір реттік парольмен куәландырылады.

Ағымдағы жылы көтерме жәрдемақы 100 АЕК - 345 000 теңгені, бюджеттік кредит 1500 АЕК - 5 175 000 теңгені құрайды.

2023 жылы 51,8 млн. теңге сомасына 10 бюджеттік кредит берілді, оның ішінде:

білім - 15,5 млн. теңге сомасына 3,

денсаулық сақтау - 10,3 млн. теңге сомасына 2,

мәдениет - 5,2 млн. теңге сомасына 1,

әлеуметтік қамсыздандыру - 5,3 млн. теңге сомасына 1,

спорт - 5,3 млн. теңге сомасына 1,

мемлекеттік қызметшілер – 10,3 млн. теңге сомасына 2

және әлеуметтік қолдау шаралары ретінде 12,1 млн. теңге сомасына 35 көтерме жәрдемақы, оның ішінде:

білімі - 9 млн. теңге сомасына 26,

денсаулық сақтау - 2,8 млн. теңге сомасына 8,

мемлекеттік қызметшілер – 0,3 млн.теңге сомасына 1.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіз Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нен немесе 2-20-68 телефоны бойынша түсініктеме ала аласыз.

 

Дата публикации
30 ноября 2023
Дата обновления
30 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы