
2021-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің
негізгі параметрлері бойынша
қысқаша ақпарат
Шортанды ауданының жергілікті бюджеті Шортанды аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі
Жергілікті бюджет – бұл Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен белгіленген түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствосына бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға тағайындалған орталықтандырылған ақша қоры.
2009 жылдан бастап ҚР бюджет алдағы үшжылдық кезеңге әзірленеді.
1-бөлім. Бюджетті жоспарлау және бекіту
1.1. Ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштері
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы Заңымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:
1) еңбекақының ең кіші мөлшері – 70 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері – 24 341 теңге;
3) ең кіші зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге.
2023 жылға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қалыптастырылған және «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешімінің негізінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді ескере отыра, дербес атқарушы органдардың штат санының лимитінен шыға отыра есептелген.
Аудандық бюджет «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 шешімімен бекітілді.
1-кесте
1.2 2023-2025 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің
негізгі параметрлері
Субвенциялар – бұл облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне берілетін бюджеттік қаражаттар
|
2023-2025 жылдарға арналған Шортанды ауданының аудандық бюджетінің негізгі параметрлері млн. тенге
Түсімдер
Алдағы үшжылдық кезеңге түсімдер құрамында кірістер болжамы 2% дейін бағалар өсімінің индексін ескере отыра жасалған. Нәтижесінде, 2023 жылға аудан бюджеті кірістерінің болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 1 953,8 млн. теңге сомасында айқындалған. 2024 жылға аудан бюджеті кірістерінің болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 2 179 млн. теңге, 2025 жылға 2 296,2 млн. теңге сомасында айқындалған.
2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік субвенциялар көлемі 2-кесте
Субвенциялар мың. тенге
Шығыстар
2023 жылға арналған аудан бюджетінің негізгі бағыттары аудан дамуының бірінші кезектегі мәселелерін шешуді қарастырады. Барлық бюджеттік шығыстар алдағы үшжылдық кезеңге аудан аумақтарын дамыту бағдарламасында белгіленген бағыттармен және индикаторлармен өзара байланысты.
Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блокқа арналған шығыстар 2 функциональдық топтан, атап айтқанда: әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістіктен тұрады (2021 жылдан бастап білім беру жөніндегі шығыстар аудандық деңгейде көзделмейді). Тұтастай алғанда, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік салаға арналған шығыстары 2023 жылы шығыстардың жалпы көлемінің 13,6% немесе абсолюттік мәнде 649,8 млн.теңгені, 2024 жылы – шығыстардың жалпы көлемінің 28,3% немесе 598,3 млн.теңге, 2025 жылы – шығыстардың жалпы көлемінің 36,6 % немесе 708,1 млн.теңгені құрайды.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік салада негізгі басымдылық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы болып табылады.
Тұтастай алғанда, 2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 1 039,2 млн. теңге көзделген (2023 жылы – 391,6 млн. теңге, 2024 жылы – 312,7 млн. теңге, 2025 жылы – 334,9 млн. теңге).
4-кесте
2023-2025 жылдарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар млн. тенге
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2023-2025 жылдарда 1 052,7 млн. теңге көзделген (2023 жылы – 358,6 млн. теңге, 2024 жылы – 344,1 млн. теңге, 2025 жылы – 350,1 млн. теңге). Бюджеттік қаражаттар мәдени-демалыс жұмыстары іс-шараларын жүргізуге, аудан кітапханаларын, мемлекеттік тілді оқыту орталығын ұстауға, спорттық іс-шараларды өткізуге көзделген.
5-кесте Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2023-2025 жылдарға арналған шығыстары
млн. теңге
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында үшжылдық алдағы кезеңге 3 074,6 млн. теңге көзделген, оның ішінде 2023 жыл – 1 531 млн.теңге, 2024 жыл – 1 427 млн. теңге, 2025 жыл – 116,7 млн. теңге.
6-кесте Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының 2023-2025 жылдарға арналған шығыстары
млн. теңге
"Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса а. ПК №1-3 орталық қазандық және жылу желілерін салу 1 000 000 мың теңге сомасында
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
Аталған салада үшжылдық алдағы кезеңге 1 451,6 млн. теңге көзделген, оның ішінде 2023 жыл – 225,6 млн.теңге, 2024 жыл – 578,3 млн. теңге, 2025 жыл – 647,7 млн. теңге.
7-кесте
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласында 2023-2025 жылдарға арналған шығыстар көлемі 1111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111млн.теңге
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері
Құрылыс және жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімдері бойынша үшжылдық алдағы кезеңге 70,2 млн.теңге сомасында, 2023 жылға 23,4 млн.теңге, 2024 жылға 23,3 млн.теңге, 2025 жылға 23,5 млн.теңге шығыстар көзделген.
8-кесте
млн.теңге
Көлiк және коммуникациялар
Көлік және коммуникациялар саласындағы аудан бюджетінің шығыстары аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. 2023 жылы "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға трансферттер көзделген, оның ішінде. Шортанды ауданы Жолымбет к. көше-жол желісін орташа жөндеу 145,8 млн. теңге, Шортанды ауданы Петровка а. көше-жол желісін орташа жөндеу 20 млн, теңге, Шортанды ауданы Новокубанка а. көшелерін орташа жөндеу 120 млн, теңге, Шортанды ауданы Новокубанка а. көше-жол желісін орташа жөндеу 57 млн. теңге, Шортанды ауданы Шортанды к. көше-жол желісін орташа жөндеу 70 млн. теңге, Шортанды ауданы Раевка а.ың кентішілік жолдарын орташа жөндеу 36,6 млн. теңге, Шортанды ауданы Дамса ауылдық округі Дамса а. жолдарды орташа жөндеу (Велижанцев көшесі, Бақыт ш/а) , 62,3 млн. теңге, Шортанды ауданы Пригородное а. Баскөл а. дейінгі грейдерді ағымдағы жөндеу 35 млн. теңге, Шортанды ауданы Шортанды к. көше-жол желісін орташа жөндеу (Северная к-сі) 173, 4 млн. теңге, Шортанды ауданы Шортанды к. көше-жол желісін орташа жөндеу (Молодежная көшесі) 45,7 млн. теңге., Шортанды ауданы Шортанды к. көше-жол желісін орташа жөндеу (Смирнова к-сі, Октябрьская к-сі) 47,7 млн.теңге. "Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау" бағдарламасы бойынша шығыстар Шортанды-Дамса-Степное, Шортанды-Пригородное бағыты бойынша жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге 10,7 млн.теңге сомасында жоспарланған.
9-кесте
Көлiк және коммуникациялар саласында 2023-2025 жылдарға арналған шығыстар көлем 111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111млн.тенге
Басқалар
2023 жылға «Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасы бойынша 25 млн.теңге сомасында жергілікті атқарушы органның резерві көзделген.
10-кесте
млн.теңге
Трансферттер
Үшжылдық алдағы кезеңге 407,8 млн. теңге көзделген, оның ішінде 2023 жыл – 143 млн.теңге, 2024 жыл – 136,4 млн. теңге, 2025 жыл – 128,4 млн. теңге. 2023 жылы 143 млн.тенге сомасында аудандық бюджеттен кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі көзделген, оның ішінде:: Шортанды кенті – 18 145 мың теңге; Дамса ауылдық округі – 16 516 мың теңге; Новокубанка ауылдық округі – 15 452 мың теңге; Бектау ауылдық округі – 19 634 мың теңге; Бозайғыр ауылдық округі – 4 500 мың теңге; Петровка ауылдық округі – 10 500 мың теңге; Андреевка ауылдық округі – 12 500 мың теңге; Раевка ауылдық округі – 16 010 мың теңге; Пригородный ауылдық округі – 18 500 мың теңге; Новоселовка ауылдық округі – 11 261 мың теңге.
|