
Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңнамасына сәйкес Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22.
Мемлекеттік мекеме бір мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық/қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы.
2022 жылы барлығы 70 қызмет көрсетілді, оның ішінде, www.egov.kz «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 59, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы - 11.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған, сондай-ақ аудандық «Вестник Шортанды» және «SHORTANDY JARSHYSY» газеттерінде жарияланады. 2022 жылы газеттерде 1 мақала және әлеуметтік желілерде 8 мақала жарияланды: Instagram, Фейсбук. Шортанды ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында 4 мақала.
Халық назарына:
Есепті жария талқылау 2023 жылғы 30 наурызға дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, пікірлерін, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.
Байланыс ақпараты: