Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызметі туралы есебі

Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кезкелген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Шортанды ауданының «Ішкісаясат, мәдениет, тілдердідамытужәне спорт бөлімі» ММ ҚазақстанРеспубликасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Спорттық дәреже тағайындау: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежелі спортшы, 2 жасөспірімдік дәрежелі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежелі спортшы және дәрежелік санатарды, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты жаттықтырушысы, екінші дәрежелі орта денгейлі санатты жаттықтырушысы, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты әдіскер, екінші дәрежелі орта денгейлі санатты әдіскер, екінші дәрежелі жоғары денгейлі санатты нұсқаушы - спортшы, спорт төрешісі».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық/қағаз түрінде.

2022 жылы қызмет 5 рет көрсетілді.

  1. «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ

Халық назарына:

Есепті жария талқылау 2023 жылғы 30 наурызға дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, жауаптарыңызды, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты:

       Шортанды кенті,Абылайхан көшесі, 26А, Шортанды ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, телефон нөмірлері: 8 (71631) 3-53-11, электрондық мекенжайы: short_ovp@mail.ru.

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы