Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есебі

Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократизм мен сөз әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді

  1. 00102002 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктерберу»

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2022 жылы – 109 қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы – 104, қағаз түрінде - 5 қызмет.

  1. 00501009 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру»

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2022 жылы – 191 қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы – 176, қағаз түрінде - 15 қызмет.

  1. 00501010 «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, олардың тіркемелерінің кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайта кепілге) беру) және тіркелген кепілдің, өтімділігі жоғары арнайы машиналар»

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2022 жылы – 54 қызметкөрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ – 51.

  1. 01101004 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2022 жылы – 95 қызметкөрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы – 95. 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» бөлімі ММ ақпараттық стендінде көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ аудандық «Шортанды жаршысы» және «Вестник Шортанды» газеттерінде жарияланады. 2022 жылы газеттерде 2 басылым және әлеуметтік желілерде 4 басылым жарияланды: Инстаграм,Фейсбук.

Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2022 жылы маман курстардан өтті.

2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22, Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, телефон нөмірлері: 8-716-31-2-08-96, 2-20-38, 2-15-82, 2-14-04, электрондық мекенжайы shortandy_osh@aqmola.gov.kz.

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы