Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің  2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ өз қызметін 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас мамандары жүзеге асырады.

Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-сі 23 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту;

2) Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

3) Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

4) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;

5) Ақталған адамға куәлік беру;

6) Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

7) мүгедектігі бар адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

8) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

9) Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

10) Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

11) Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

12) Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;

13)Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;

14) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру;

15) Тұрғын үй көмегін тағайындау;

Оның ішінде Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) Өлімді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

2) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

3) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

4) Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою;

5) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

6) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

7) Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету);

8) Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

Мемлекеттік қызмет көрсету ҚР заңнамасына, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүргізіледі.

2022 жылы Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ көрсеткен мемлекеттік қызметтердің барлығы — 2817, оның ішінде мемлекеттік Корпорация арқылы — 1391; электрондық үкімет порталы арқылы-758; уәкілетті органда-668. 2022 жылы ең көп сұранысқа ие қызметтер: «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Шортанды ауданы әкімінің сайтында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық стендтерінде орналастырылған. Стандарттар Шортанды ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.

Көрсетілетін қызметті алушылардың уақтылығы, қанағаттануы сапасының өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2023 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады (ақпараттық стендтерді жаңарту, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізу), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету бойынша (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау).

Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ (қосымша):

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

Шағымдар түскен жоқ

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы наурыз – сәуір айларында Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау өткізілетін болады.

2022 жылғы есеп аудан әкімінің сайтында орналастырылады.

Халықтың назарына:

Есепті жария талқылау 2022 жылдың 30 наурызына дейін өтеді, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлерін, пікірлерін, ұсыныстары мен ескертулерін аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады www.shortandy.gov.kz немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынылсын.

Байланыс ақпараты:

Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22, Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ.

Телефондар: 2-19-75, 2-23-56, 2-19-96, 2-16-02.

Электрондық мекен-жайы: ozsp.shr@yandex.kz

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы