Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесінің  2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесінің  2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

         Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңнамасына) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 2022 жылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетті:

  1. Ауданаралық (облысішілік қаларалық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2022 жылы 48 өтініш келіп түсті, «Е-лицензиялау» арқылы субсидиялар тағайындау туралы 48 хабарлама берілді.

2.Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. Бұл мемлекеттік қызмет электрондық лицензиялау порталында қолжетімді. «Е-лицензиялау» көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесімен Интеграция бар.

2022 жылы бұл қызметке өтініш түскен жоқ

  1. Ағаштарды кесуге рұқсат беру

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. Бұл мемлекеттік қызмет электрондық лицензиялау порталында қолжетімді. «Е-лицензиялау» көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесімен Интеграция бар.

  • жылы өтініштер түскен жоқ.
  1. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. Бұл мемлекеттік қызмет электрондық лицензиялау порталында қолжетімді. «Е-лицензиялау» көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесімен Интеграция бар.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

Мемлекеттік қызмет ҚР азаматтарына тегін негізде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған). Қызмет көрсету тәсілі: «электрондық үкімет» порталы. Қызмет көрсету мерзімі-Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті «кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі-кезектің реттік нөмірі көрсетілген есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама не мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2022 жылы 77 өтініш келіп түсті, 17 дәлелді бас тарту берілді, көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар ете отырып, 60 өтініш оң пысықталды.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Қызмет көрсету тәсілдері: «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz. көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесімен интеграциялау www.gosreestr.kz бар.

Қызмет көрсету мерзімі

1-кезең: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі-30 күнтізбелік күн;

2-кезең: мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық меншікке берген жағдайда - 15 жұмыс күні;

3-кезең: тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу-5 жұмыс күні.

Қызмет көрсету нәтижесі: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімі немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту.

2022 жылы 5 өтініш келіп түсті, 5-тен оң шешім шығарылды, жекешелендіру шарттары жасалды.

  1. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық. Қызмет көрсету тәсілдері: «электрондық үкімет» порталы. «Е-лицензиялау» көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесімен Интеграция бар. Қызмет көрсету мерзімі - 15 жұмыс күні. 

Қызмет көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспорты, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа ескертулері бар дайындық паспорты немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 2022 жылы 30 өтініш келіп түсті, 28 паспорт, ескертулері бар 2 паспорт берілді. 

  1. Тұрғын үй сертификаттарын беру

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:

1) Мемлекеттік корпорация;

2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің кеңсесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде-3 (үш) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша түрін, сомасын немесе дәлелді бас тартуды көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері – тегін.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;

2)өтініш берушінің дәйексіз деректерді (мәліметтерді) ұсынуы;

3) Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығарув

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған). Қызмет көрсету тәсілдері: «электрондық үкімет» порталы. «Е-лицензиялау» көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесімен интеграция бар.

2022 жылы 2 өтініш келіп түсті, қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы 2 хабарлама берілді.

  1. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған). Қызмет көрсету тәсілдері: «электрондық үкімет» порталы. «Е-лицензиялау» көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесімен интеграция бар.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ ақпараттық стендінде қоғамдық орындарда орналастырылған, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланады. 2022 жылы Instagram, Facebook әлеуметтік желілерде 45 мақала жарияланды.

Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мамандары үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.  2022 жылғы 05 қаңтардан 30 желтоқсанға дейін Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Байланыс ақпарат:

Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22, Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, телефон нөмірлері: 8 (71631) 2-14-80, электрондық мекенжайы: shortandy_zhkh@aqmola.gov.kz.

Азаматтарды қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы