Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

2022 жылға «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2022 жылға «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

«Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме алты мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған).

2022 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 8 қызмет көрсетілді.

  1.  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған).

2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 2 қызмет көрсетілді.

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған).

    2022 жылы — 61 қызмет көрсетілді, оның ішінде 61 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы.

  1. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп сату»

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

         Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

 2022-ші жылы өтініштер түскен жоқ.

 

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

     Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде. Қазіргі уақытта кезектілік тізімдеріне сәйкес Дамса ауылы бойынша арнайы есепте 420 азамат тұр, Научный кенті – 471, Степное ауылы – 132.

  1. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»

     Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

     Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз) түрінде.

     2022-ші жылы өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де, көпшілікке қолжетімді орындарда ақпараттық стендте орналастырылған.

«Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ барлық мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2023 жылдың 3 сәуір айына Бас маман мемлекеттік қызметшіні алғашқы даярлау курстары жоспарланған.

2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Халықтың назарына

Баяндаманы қоғамдық талқылау 2023 жылдың 30 наурызына дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша пікірлеріңізді, жауаптарыңызды, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді аудан әкімінің www.shortandy.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруға немесе электрондық поштаға жіберуге, немесе тікелей жергілікті атқарушы органға жүгінуге болады.

Байланыс ақпараты

Дамса ауылы, Құрмет көшесі 6, «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, телефон нөмірлері: 8 (71631) 3-30-18, 3-32-61, 3-30-47. Электрондық мекен-жайы: shortandy_damsa@aqmola.gov.kz

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады. 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы