
Шортанды ауданының «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
Шортанды ауданының «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасыны4 цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес келесі алты мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — электрондық (толық автоматтандырылған).
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы мемлекеттік қызмет бойынша өтініштер болған жоқ.
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — электрондық (толық автоматтандырылған).
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы мемлекеттік қызмет бойынша шешімдер болған жоқ.
4.«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
2022 жылы өтініштер түскен жоқ.
5.«Жер учаскесін алуға кезекке қою».
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы мемлекеттік қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
6. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы мемлекеттік қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Андреевка ауылдық округі әкімдігінің фойесіндегі стендтерде орналастырылады. Аудандық «Вести» және «Өрлеу» газеттерінде көрсетілетін қызметтер туралы материалдар жарияланған. Андреевка ауылының тұрғындарының жиындарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері көтеріледі.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 2 құрады, сондай-ақ «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 160 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бағалау әдістемесіне № 16 қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметін көрсетілетін қызметті алушылар «жақсы» деп бағалады.
Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік мекеме басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен уақтылығына үнемі бақылау жүргізіледі.
Тұрғандардың назарына:
Есепті жария талқылау 2023 жылдың 30 наурызына дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз ойларын, пікірлерін, ұсыныстары мен ескертулерін аудан әкімінің www.shortandy.gov.kz сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.
Байланыс ақпараты:
Байланыс ақпараты : Андреевка ауылы Әуезов көшесі 46, телефондары: 24-3-44, 24-9-51. Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін жүзеге асырылады.