
2022 жылға «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік. Шортанды ауданының «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады. Мемлекеттік мекеме алты Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны–электрондық (толық автоматтандырылған).
2022 жылы 0 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған).
2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 0 қызмет көрсетілді
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған).
2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 6 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны–электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 2022 жылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде 1 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 2022 жылы өтініштер түскен жоқ
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Мемлекеттік қызмет көрсету нысанэлектронды (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 21 желтоқсанында мемлекеттік қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көпшілікке қолжетімді орындарда ақпараттық стендте орналастырылған.
«E-gov» қолжетімділік бұрыштары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 748.
Новокубанка ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Халық назарына:
Есепті жария талқылау 2022 жылғы 30 наурызға дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, пікірлерін, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.
Байланыс ақпараты:
Новокубанка ауылы Почтовая көшесі 11, «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, телефон нөмірлері: 8(71631) 24-6-35, 24-7-72. Электрондық адрес akimatnovokubanka@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.