Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

2022 жылға "Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

2022 жылға "Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

"Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты "ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме алты мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1.«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. 2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

3.«Сауда (конкурс, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар сатып алу»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

2022 жылы  3 қызмет көрсетілді.

  1. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2022 жылы 1 қызмет көрсетілді.

  1. 5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

"E-gov" қолжетімділік бұрыштары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-508.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де көпшілікке қолжетімді орындарда ақпараттық стендте орналастырылған.

Петровка ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін "Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Халық назарына:

Есепті жария талқылау 2022 жылғы 30 наурызға дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, пікірлерін, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты:

Петровка селосы  Жамбыл көшесі  23а , "Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, телефон номері: 8 (71631) 26-435, 26-472. Электрондық мекенжай: shortandy_petrovka@agmola.gov.kz

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады. 

 

       

                                                                                  

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы