Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органдарының 2022 жылғы қызметі туралы есебі

Шортанды ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органдарының 2022 жылғы қызметі туралы есебі

 

  1. Жалпыережелер.

1) Қызметті беруші туралы мәліметтер.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізг ібағыты тұрғындардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалды қжәне  материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсет уболып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Шортанды ауданында мемлекеттік қызметті аудан әкімінің аппараты, 9 ауылдық округ және 2 кент, 7 дербес бөлім, жұмыспен қамту орталығы көрсетеді.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2021 жылы Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 86 түрі көрсетілді, оның ішінде ақылынегізде 11 мемлекеттік қызмет, 5 3тегін негізде.

 

№

Атауы

Мемлекеттікқызметтер саны

1.

Тұрғындардыәлеуметтікқорғаужәнежұмыспенқамтусаласында

23

2.

Жерқатынастарысаласында

10

3.

Ауылшаруашылығысаласында

5

4.

Тұрғынүй-коммуналдықшаруашылықсаласында

10

5.

Сәулетжәнеқалақұрылысысаласында

4

6.

Денешынықтыружәне спорт саласында

1

7.

Құрылыссаласында

2

8.

Әскериқызметсаласында

2

9.

Экономика жәнеқаржысаласында

1

10.

Өзге де мемлекеттікқызметтер

6

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 7463, 2020 жылы-6287, оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»арқылы-1976, 2021 жылы-1946

- электрондық түрде барлығы -4678, 2021 жылы 2684 қызмет («электрондықүкімет» порталы, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері);

- қызмет берушілер арқылы--809, 2021жылы-764 қызмет көрсетілді.

3) Неғұрлым талапетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2022 жылы ең көп сұранысқа ие қызметтер:

- «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» - 725, 2021жылы 838 қызмет;

- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 283, 2021 жылы 472 қызмет болып табылады.

  1. Қызметалушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Мемлекеттікк өрсетілетін қызметтер туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік  қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті мен айқындалады.

Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнек іақпараттары бар стендтер орналастырылған (ережелер,  өтініштердің үлгілері және т.б.).

Шортанды ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімшесі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған.

2)мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жарият алқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары,бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бір қатар іс-шаралар өткізілді:

- 10 баннер орналастырылды;

- БАҚ-да 497 түсіндіру материалдары жарияланды (аудандық«Вестник Шортанды», «Шортанды Жаршысы» газетінде - 5, Instagram,Facebook әлеуметтік желілерінде -492);

- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қараумен Қоғамдық кеңестің 6 дөңгелек үстелі, 4 отырысы өткізілді.

Шортанды ауданында 2022 жылы сервистік әкімдіктерді ашу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Бозайғыр және Бектау ауылдары әкімдерінің аппараттары мен Шортанды кенті әкімінің аппараттары сервистік форматқа көшті.

Тұрғындардың өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы және ыңғайлы болуы үшін «сервистік әкімдік»  үй-жайында «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылып, қажетті техникамен жабдықталған.

Сондай-ақ, Шортанды ауданында 43 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, олар халықпен электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридждермен жабдықталған.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі шараларды қабылдайды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі. Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді техникалық оқыту жүргізілді. Оқытудан 100%қызметкер өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан 25 адам өтті.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету ережелері талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда 2022 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге  1 шағым түсті, қызметалушы құқығы қалпына келтірілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Шортанды ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар мемлекеттік қызметін талдау бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша 7 бақылау іс-шарасы өткізілді:

- Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

- Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесі;

- Шортанды ауданы «Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

- Шортанды ауданы «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

- Шортанды ауданының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

-Шортанды ауданы «Пригородное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

-Шортанды ауданы «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру
  2. Тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес 2023 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
  3. Одан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне енгізу үшін мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлерін анықтау тұрғысынан мемлекеттік органдардың функцияларына тұрақты негізде талдау жүргізу;
  4. 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
  5. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер сақтай отырып, өткізу;
  6. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысына ішкі мониторинг жүргізу. Бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою және алдын алу жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу;
  7. Қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін -100%- ға арттыру;
  8. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға жағдай жасауға ішкі мониторинг жүргізу (пандустар,шақыру түймелері, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дәретхананың болуы)
  9. «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлес салмағын 90% - ға дейін ұлғайту;
  10. Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу;
  11. Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;
  12. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар басшыларының әкімдік мәжілістерінде, кеңестерінде тыңдау;
  13. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсінікті түрде хабардар болуын қамтамасыз ету (стендтер, БАҚ, брошюралар және т. б.);
  14. Мемлекеттікорганныңресми интернет-ресурсындаақпараттыөзектендіру:

- жекетұрғынүйқұрылысыүшінжеручаскелеріналуғакезектілік,

- мемлекеттіктұрғынүйқорынантұрғынүйалуғакезектілік,

- ауданныңмектепкедейінгібалаларұйымдарынакезектілік,

- жеручаскесіналукезектілігі.мемлекеттікорганныңресми интернет-ресурсындаақпараттынақтылау:

- жекетұрғынүйқұрылысыүшінжеручаскелеріналуғакезектілік,

- мемлекеттіктұрғынүйқорынантұрғынүйалуғакезектілік,

- ауданныңмектепкедейінгібалаларұйымдарынакезектілік;

 14.Мемлекеттік қызметкөрсетумәселелерібойыншатехникалықоқытужүргізу;

  1. Мемлекеттікқызметтеркөрсетуденнегізсіз бас тартуфактілерінанықтау, көрсетілетінқызметтіалушылардыңқұқықтарынқалпынакелтіружөніндешараларқабылдау.

 

Халық назарына:

Есепті жария талқылау 2022 жылғы 30 наурызға дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, пікірлерін, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты:

 

Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 021600, Ақмола облысы Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі 20.

Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар shortandy_usl@aqmola.gov.kz  электрондық мекен-жай бойынша немесе 8 (71631) 2-11-12 телефоны арқылы қабылданады.

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы