Шортанды аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына және 113-10 бабына сәйкес, Шортанды ауданы бойынша ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Новоселовка ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 538 азамат енгізілді, оның ішінде 337 адам дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 4.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Новоселовка ауылдық округі әкімі болып Молдобаева Арнагүл Искенқызы сайланды, 1979 жылы туған, «Жолымбет к. № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, Жолымбет кентінде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес Шортанды ауданы 2026 жылы 2 наурыздағы Шортанды аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Новоселовка ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді.
Шортанды аудандық сайлау комиссиясының