2026-2028 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері бойынша

2026-2028 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің

негізгі параметрлері бойынша

қысқаша ақпарат

Шортанды ауданының жергілікті бюджеті Шортанды аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі

Жергілікті бюджет  – бұл Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен белгіленген түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствосына бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға тағайындалған орталықтандырылған ақша қоры.

 2009 жылдан бастап ҚР бюджет алдағы үшжылдық кезеңге әзірленеді.

 

1-бөлім. Бюджетті жоспарлау және бекіту

1.1. Ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштері

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы Заңымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) еңбекақының ең кіші мөлшері – 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері – 35 596 теңге;

3) ең кіші зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;

4)    айлық есептiк көрсеткiш – 4 325 теңге;

5) ең төменгі күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 50 851 теңге.

 

2026 жылға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қалыптастырылған және «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешімінің негізінде облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді ескере отыра, дербес атқарушы органдардың штат санының лимитінен шыға отыра есептелген.

Аудандық бюджет «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2 шешімімен бекітілді.

1-кесте

1.2 2025-2027 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің

негізгі параметрлері 

 

Бюджеттік алып қоюлар – бұл аудандық  бюджеттен облыстың бюджеттеріне берілетін бюджеттік қаражаттар

2026-2028 жылдарға арналған Шортанды ауданының аудандық бюджетінің

 негізгі параметрлері

 

                                                                                                                                         млн. тенг

 

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Кірістер

3 642 797

3 200 717

4 666 386

Салықтық түсімдер

2 873 000

3 074 145

3 310 520

Салықтық емес түсімдер

16 000

17 100

18 310

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

11 000

11 700

 12 500

                Трансферттердің түсімдері

742 797

97 772

1 325 056

Шығыстар

3 642 797

3 200 717

4 666 386

 

Түсімдер

 

           Алдағы үшжылдық кезеңге түсімдер құрамында кірістер болжамы өсімнің индексін ескере отыра жасалған.

           Нәтижесінде, 2026 жылға аудан бюджеті кірістерінің болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 2 900 млн. теңге сомасында айқындалған.

           2027 жылға аудан бюджеті кірістерінің болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 3 102,9 млн. теңге, 2028 жылға 3 341,3  млн. теңге сомасында айқындалған.

 

 

Шығыстар

 

           2026 жылға арналған аудан бюджетінің негізгі бағыттары аудан дамуының бірінші кезектегі мәселелерін шешуді қарастырады. Барлық бюджеттік шығыстар алдағы үшжылдық кезеңге аудан аумақтарын дамыту бағдарламасында белгіленген бағыттармен және индикаторлармен өзара байланысты.

           

 

Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)

 

          Әлеуметтік блокқа арналған шығыстар 2 функциональдық топтан, атап айтқанда: әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістіктен тұрады (2021 жылдан бастап білім беру жөніндегі шығыстар аудандық деңгейде көзделмейді).

           Тұтастай алғанда, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік салаға арналған шығыстары 2026 жылы шығыстардың жалпы көлемінің 28% немесе абсолюттік мәнде 1 024 млн.теңгені, 2027 жылы – шығыстардың жалпы көлемінің 29% немесе 936,8 млн.теңге, 2028 жылы – шығыстардың жалпы көлемінің 20,9% немесе 974,6 млн.теңгені құрайды.

 

 

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

 

              Әлеуметтік салада негізгі басымдылық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы болып табылады.

           

     Тұтастай алғанда, 2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджетінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 885,3 млн. теңге көзделген (2026 жылы – 354,2 млн. теңге, 2027 жылы – 258,1 млн. теңге, 2028 жылы – 272,9 млн. теңге).

 

                                                                                                                                         

2-кесте

 

 2026-2028 жылдарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар

млн. теңге

Іс-шаралардың атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Барлық шығыстар:

354,2

137,6

142,8

Жергілікті деңгейде  жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

47,7

51,5

51,9

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

6,8

7,3

7,8

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

60,8

66,7

71,4

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

1,8

1,9

2,1

Мұқтаж азаматтарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету

68,7

73,5

78,6

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

0,4

0,4

0,5

Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу, ымдау тілі маманы, жеке көмекшілер қызметтерін ұсыну

95

20,5

21,9

Тұрғын үй көмегін көрсету

3,5

3,7

4

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық мекендердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету

39,2

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру

30,3

32,4

34,7

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

 

           Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2026-2028 жылдарда 2 050,1 млн. теңге көзделген (2026 жылы – 669,8 млн. теңге, 2027 жылы – 678,7 млн. теңге, 2028 жылы – 701,7 млн. теңге).

           Бюджеттік қаражаттар мәдени-демалыс жұмыстары іс-шараларын жүргізуге, аудан кітапханаларын, мемлекеттік тілді оқыту орталығын ұстауға, спорттық іс-шараларды өткізуге көзделген.

 

3-кесте

2026-2028 жылдарға арналған шығыстар

          

          млн. теңге

Іс-шаралардың атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Барлық шығыстар:

669,8

678,7

701,7

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

44,8

46

47,4

Жергілікті деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

48,1

48,2

48,8

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

188,7

185,8

187,3

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

 

84,1

84

84,6

Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту

221,1

234,1

249,7

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының  басқа да тілдерін дамыту

16,1

16,3

16,5

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер

5

5,5

5,5

Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру

27

27,4

28,2

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде спорттық жарыстар өткізу

13,4

14,3

15,3

Әр түрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командаларының мүшелерін облыстық спорттық жарыстарға дайындау және қатысу

16

17,1

18,3

Спорт обьектілерін дамыту

8,2

 

 

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

 

           Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында үшжылдық алдағы кезеңге 951,1 млн. теңге көзделген, оның ішінде 2026 жыл – 665,4 млн.теңге, 2027 жыл – 114,6 млн. теңге, 2028 жыл – 171,1 млн. теңге.

 

 4-кесте

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 2026-2028 жылдарға арналған шығыстар

 

                                                                                                                            млн. теңге

Іс-шаралардың атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Барлық шығыстар:

665,4

114,6

171,1

Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау

1

1,1

1,1

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі

52,5

60

70

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

5,4

 

 

Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

162,5

 

 

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу

393,9

 

 

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру

50

53,5

100

 

 

Отын-энергетика кешені саласында 2026-2028 жылдарға арналған шығыстар көлемі

Отын-энергетика кешені саласында үшжылдық алдағы кезеңге 3,7 млн. теңге көзделген, оның ішінде 2026 жыл – 3,7 млн.теңге.

                                                                                                                                        5-кесте                                                                                                                                                         1111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111млн.теңге

Іс-шаралардың атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Барлық шығыстар:

3,7

 

 

Жылуэнергетика жүйесін дамыту

3,7

 

 

 

Шортанды к. қазандық жайының құрылысына ЖСҚ әзірлеу 3,7 млн. теңге.

 

 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері 

 

Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі бойынша үшжылдық алдағы кезеңге 135,6 млн.теңге сомасында, 2026 жылға 50,5 млн.теңге, 2027 жылға 42,4 млн.теңге, 2028 жылға 42,7 млн.теңге шығыстар көзделген.

                                                                                     

                                                                                                                         6-кесте

 

                                                                                                                                              

                                                                                                                                                  

                                                                                                                                 млн.теңге

Іс-шаралардың атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Барлық шығыстар:

50,5

42,4

42,7

Жергілікті деңгейде құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

45,1

42,4

42,7

Ауданның аумақтарды дамытудың қалақұрылысы схемасын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

5,4

 

 

 

 

Көлiк және коммуникациялар

 

          Көлік және коммуникациялар саласындағы аудан бюджетінің шығыстары аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. "Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау" бағдарламасы бойынша шығыстар Шортанды-Дамса-Степное, Шортанды-Пригородное бағыты бойынша жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге 24,6 млн.теңге сомасында жоспарланған.

 

                                                                                                                                               7-кесте

 

Көлiк және коммуникациялар саласында 2026-2028 жылдарға арналған шығыстар көлемі

                                                                                                                                                                              1111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111млн.теңге

Іс-шаралардың атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Барлық шығыстар:

24,6

617,7

1 659,4

Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау

24,6

26,3

28,2

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

 

591,4

431,3

Көлік инфрақұрылымын дамыту

 

 

1 200 000

 

2028 жылы Шортанды к. теміржол жолы арқылы автожол өткелінің құрылысы жоспарланған.

 

 

 Басқалар

 

2026 жылға «Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасы бойынша  60 млн.теңге сомасында жергілікті атқарушы органның резерві көзделген.

 

                                                                                                                     8-кесте

                                                                                                                                                                              

                                                                                                                                    

                                                                                                                            млн.теңге                                              

Іс-шаралардың атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Барлық шығыстар:

 

 

 

Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві

60

63

67

 

 

Трансферттер

 

Аудандық бюджетте алдағы үшжылдық кезеңге 1,7 млрд. сомасында жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар көзделген. 2026 жылы 749,7 млн.тенге сомасында жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар көзделген.

2026 жылы 86,6 млн. теңге сомасында аудандық бюджеттен кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі көзделген, оның ішінде:

            Новокубанка ауылдық округі – 15,7 млн. теңге;

Петровка ауылдық округі – 11,7 млн. теңге;

Андреевка ауылдық округі – 13 млн. теңге;

Раевка ауылдық округі – 13,7 млн. теңге;

Пригородный ауылдық округі – 18,2 млн. теңге;

Новоселовка ауылдық округі – 14,3 млн. теңге.

 

2026 жылы 64,5 млн. теңге сомасында кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлар көлемі көзделген, оның ішінде:

            Шортанды кенті – 38,4 млн. теңге;

Жолымбет кенті – 26,1 млн. теңге.

Дата публикации
27 февраля 2026