Ақмола облысы Шортанды ауданы Новоселовка ауылды округі әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 3 ақпанда сағат 18.00-де Шортанды  ауданы Новоселовка ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (66,66 %) - өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 8 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Дата публикации
04 февраля 2026