2026 жылғы 1 наурызға белгіленген Шортанды ауданы Новоселовка ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайулауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

1. Әкімді сайлауды тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

 

Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай күн ішінде

2026 жылғы 21 қаңтар

(113-1 б. (2 т.) 1 т., 3 т.)                        

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімдерін оның шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей

(22-б. 2 т.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей  

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау    

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей  

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау          

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2026 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей  

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өз мүшелерінің арасынан, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат, сондай-ақ жоғары тұрған әкім болып сайлануға ниет білдіргені туралы өтініш беру арқылы өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

2026 жылғы 22 қаңтарда басталады және 2026 жылғы 3 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.)

7. Әкімге кандидаттың оларға қойылатын талаптарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен сәйкестігін белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

(4 б., 113-2-б.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап

 (14-б. 8-1 т.), 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясы

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8-т., 9-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (әрбір ұсынылған кандидат үшін 85 000 теңге)

 

Әкімдерге, саяси партияларға кандидаттар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2026 жылғы 1 қаңтарға) активтер мен міндеттемелер туралы декларация

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2026 жылғы 22 қаңтарда басталады және 2026 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б. 14 т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2026 жылғы 7 ақпанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы  

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 8 ақпанға дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2026 жылғы 13  ақпаннан

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 ақпанға дейін

(18-б. (5 т.), 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2026 жылғы 26 ақпаннан ерте емес және 2026 жылғы 28 ақпаннан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2026 жылғы 1 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. (8 т.), 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу  

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды  аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей

(113-10-б. 1-т.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 7 наурыздан кешіктірмей

(44-б. 4 т. (3 т.))

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылғы 7 наурызданн кешіктірмей

 

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
21 января 2026