Шортанды ауданының Жолымбет кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жолымбет кентінің әкімдігіне кандидаттар ретінде тіркеді:

Кенжебаева Алиса Григорьевна, 1992 жылы туылған, Шортанды ауданы "Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы, Дамса ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Нуржанов Ерхан Талгатулы, 1997 жылы туылған, Шортанды ауданының "Шортанды ауданы әкімінің аппараты" ММ Ұйымдастыру бақылау бөлімінің басшысы,  Шортанды кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Темиржанов Дюсенбай Мутанович, 1971 жылы туылған, Шаруашылық меңгерушісі, «NNEF» ҚҚ Астана қ. филиалы ««Мирас» бөбекжай-бақша», Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 января 2026