2026 жылғы 8 ақпанға Шортанды ауданы Жолымбет кентінің әкімін сайлау тағайындалуына, сондай-ақ Жолымбет кенті әкімінің өкілеттігінің заңда белгіленген мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Шортанды ауданының «Shortandy News» газетінің редакциясы» ЖШС әкімдікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін баспа алаңын ұсынады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, үгіт материалдарын жариялау кезектілігі олардың редакцияға келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Үгіт материалдарының газет беттеріндегі орналасу тәртібін редакция дербес айқындайды.
Үгіт материалдары «Shortandy News» газетінде «Сайлау-2026» және «Выборы-2026» арнайы айдарларымен, мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Баспа алаңын ұсыну үшін төлем мөлшері:
Үгіт материалдарын жариялауға қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 5 ақпан.