2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 18.00-де Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 (100 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 4 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 18 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.