«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 5-тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.
«Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасы 05.01.2026 жылғы ашық нормативтік құқықтық актілер e-gov порталында орналастырылған.