|
№ |
Құрылымдық элемент |
Бұрынғы редакция |
Жаңа деракция |
НЕгіздеме |
|
1 |
тақырыбы |
тақырыбы «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» |
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын: «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» |
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 5-тармағына,»Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында |
|
2 |
1-тармақ |
1-тармақ «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.» |
көрсетілген шешімнің 1 -тармағы келесі редакцияда баяндалсын: «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.» |
|
|
3 |
4-тармақ
|
4-тармақтың бірінші абзацы «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстарының жол берілетін шекті деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерінде айқындалады.
|
4 -тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстарының жол берілетін шекті деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады
|
|
Шортанды ауданының
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ
басшысы Ж. Амантай