Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8903-03 болып тіркелген) шешіміне келесіөзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

«Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің 1- тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«1. Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырып редакцияда баяндалсын:

«Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен ережелері»;

көрсетілген шешімнің қосымшасында 4- тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті тұрғын үй жалдаған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы және осы мақсаттарға көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына 5 (бес) пайыз мөлшерінде көрсетілетін қызметті алушының шекті жол берілетін шығыстар деңгейі арасындағы айырма ретінде айқындалады» .

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

ТАӘ

 

 

 

 

Дата публикации
05 января 2026