|
N |
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі |
Мемлекеттік орган-әзірлеушінің ақпараты |
|
1. |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
«Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
2. |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес. |
|
3. |
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда-республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Облстық және жергілікті бюджеттері есебінен. |
|
4. |
Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері |
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау. |
|
6. |
Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер |
Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8649-03 болып тіркелген). |
|
7. |
Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы |
Жоқ |
|
8. |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Шешім жобасы Шортанды ауданы әкімдігінің сайтында 18.12. 2025 жылы, сондай-ақ «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында 18.12.2025 жылы орналастырылған, 89,1 Кбайт |
|
9. |
Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат |
Баспасөз релизі Шортанды ауданы әкімдігінің сайтында 18.12.2025 жылы орналастырылды. |
|
10. |
Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Жоқ |
|
11. |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері |
Талап етілмейді. |
Руководитель
ГУ «Отдел занятости
и социальныхпрограмм»
Шортандинского районаЖ.Амантай