ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 21 қыркүйекте Шортанды ауданының бір сайлау округі бойынша ауылдық округ әкімі сайлауы өтті.
Шортанды аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына және 113-10 бабына сәйкес, Шортанды ауданы бойынша ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Петровка ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Петровка сайлау округі :
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 951 азамат енгізілді, оның ішінде 688 адам дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғандары – 9.
Әр кандидатқа үшін берілген дауыстар саны: Блишев Ербол Асылбекұлы – 444; Олжабай Ернар Айдынұлы – 171; Серікбол Табылған – 60.
Петровка ауылдық округінің әкімі болып Блишев Ербол Асылбекұлы сайланды, 1992 жылы туған, Шортанды ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі Ақмола облысы филиалының операциялық зал меңгерушісі, Шортанды кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы кандидат ретінде тіркелген.
Шортанды аудандық сайлау комиссиясы