Шекараларын көрсете отырып сайлау округін құру, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін және құрамы туралы хабарлама

Шекараларын көрсете отырып  сайлау округін құру, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін және құрамы туралы 

хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, сондай-ақ сондай-ақ Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 16 тамыздағы «Шортанды ауданының Дамса және Петровка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» № 114/204 қаулысына сәйкес, Петровка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің құрылғаны, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

 

Петровка ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі: Петровка ауылдық округі шекарасында Петровка сайлау округі;

 

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22,

                                  тел.: 8(71631) 2-11-01;

Комиссия төрағасы – Атабаев Марат Алтайбекұлы;

комиссия төрағасының орынбасары – Сарина Айсулу Бақытжанқызы;

комиссия мүшелері: Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы, Власкина Минара Шавердиевна, Дорожкеевич Сергей Вячеславович, Танатов Бүркіт Өтегенұлы.

                                           

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 августа 2025