Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысының жобасына баспасөз-хабарлама

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысының жобасына баспасөз-хабарлама

 

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысының жобасы бойынша ақпарат

1. 

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы (Шортанды ауданы әкімдігінің қаулысы)

2. 

Әзірлеуші мемлекеттік орган

«Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

3. 

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес.

4. 

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту.

5. 

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Әлеуметтік осал азаматтарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

6. 

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысының жобасы 07.08.2025 жылғы e-gov ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15571256 

Дата публикации
07 августа 2025