ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 13 шілдеде Шортанды ауданының аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау үш сайлау округі бойынша өтті.
Шортанды аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына және 113-10 бабына сәйкес, Шортанды ауданы бойынша ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Бозайғыр ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Бозайғыр сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2273 азамат енгізілді, оның ішінде 1573 адам дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғандары – 32.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны: Кенжебаева Алиса Григорьевна – 246; Махфуз Асқар – 1072; Юрковская Ксения Сергеевна – 220.
Бозайғыр ауылдық округінің әкімі болып 1986 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылында тұратын, өзін-өзі ұсынған кандидат Махфуз Асқар сайланды.
Новокубанка ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Новокубанка сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1171 азамат енгізілді, олардың ішінде 847 адам дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1, «Бәріне қарсымын» деген белгі қойылғандары – 4.
Әр кандидатқа берілген дауыс саны: Искаков Сәбит Ережепұлы – 640; Каралькевич Светлана Антоновна – 106; Шаповалова Альбина Григорьевна – 96.
Новокубанка ауылдық округінің әкімі болып 1987 жылы туған, Шортанды ауданының Петровка ауылдық округінің әкімі лауазымын атқаратын, Новокубанка ауылында тұратын, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат Искаков Сәбит Ережепұлы сайланды.
Пригородный ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Пригородный сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 532 азамат енгізілді, олардың ішінде 416 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер тіркелген жоқ, «Бәріне қарсымын» деген белгі қойылғандары – 2.
Әр кандидатқа берілген дауыс саны: Алғазин Асланбек Темірбекұлы – 38; Жүкен Әсия Ғалықызы – 32; Пистрюга Наталья Леонидовна – 344.
Пригородный ауылдық округінің әкімі болып 1972 жылы туған, Шортанды ауданының Пригородное ауылдық округінің әкімі лауазымын атқаратын, Пригородное ауылында тұратын, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат Пистрюга Наталья Леонидовна сайланды.
Шортанды аудандық сайлау комиссиясы