Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Бозайғыр, Новокубанка және Пригородное ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Бозайғыр, Новокубанка және Пригородное ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы
хабарламасы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төмендегі кандидаттарды тіркегенін хабарлайды:

Бозайғыр ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:

Кенжебаева Алиса Григорьевна, 1992 жылы туған, Шортанды ауданы «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, тұрғылықты жері – Дамсы ауылы, Шортанды ауданы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;

Махфуз Асқар, 1986 жылы туған, жұмыссыз, тұрғылықты жері – Қоянды ауылы, Целиноград ауданы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;

Юрковская Ксения Сергеевна, 1997 жылы туған, «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, тұрғылықты жері – Шортанды кенті. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Новокубанка ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:

Искаков Сабит Ережепұлы, 1987 жылы туған, Шортанды ауданы «Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты», тұрғылықты жері – Новокубанка ауылы. «AMANAT» партиясы ұсынған;

Каралькевич Светлана Антоновна, 1968 жылы туған, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Белое Озеро негізгі орта мектебі» КММ директоры, тұрғылықты жері – Белое Озеро ауылы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;

Шаповалова Альбина Григорьевна, 1972 жылы туған, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Октябрьское негізгі орта мектебі» КММ директоры, тұрғылықты жері – Октябрьское ауылы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Пригородное ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:

Алғазин Асланбек Темірбекұлы, 1991 жылы туған, Шортанды ауданы «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, тұрғылықты жері – Бозайғыр ауылы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;

Жүкен Әсия Ғалықызы, 1999 жылы туған, Шортанды ауданы «Шортанды кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, тұрғылықты жері – Шортанды кенті. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;

Пистрюга Наталья Леонидовна, 1972 жылы туған, Шортанды ауданы «Пригородный ауылдық округі әкімінің аппараты», тұрғылықты жері – Пригородный ауылы. «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 июня 2025