Үгіттік материалдарды жариялау үшін баспа алаңын ұсыну шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтер

Үгіттік материалдарды жариялау үшін баспа алаңын ұсыну шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтер

 

2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Шортанды ауданының Бозайғыр, Новокубанка және Пригородное ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына байланысты «Shortandy News» Шортанды ауданы газетінің редакциясы» ЖШС кандидаттардың үгіттік материалдарын жариялау үшін баспа алаңын ұсынады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, газеттің редакциясы үгіт материалдарын жариялау кезектілігін олардың келіп түсу тәртібі бойынша белгілейді. «Shortandy News» газетінің беттеріндегі үгіттік материалдардың орналасуын редакция өзі айқындайды. «Shortandy News» газетінде үгіт материалдары «Сайлау–2025» айдарымен жарияланады.

Ауыл округтері әкімдігіне кандидаттарға баспа алаңын ұсыну құны 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 150 (жүз елу) теңгені құрайды.

Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 2025 жылғы 10 шілде.

Дата публикации
18 июня 2025