Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін және құрамы туралы хабарлама

Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін және құрамы туралы 

хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, сондай-ақ Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы «Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» № 51/106 қаулысына сәйкес, Бозайғыр, Новокубанка және Пригородный ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің құрылғаны, сондай-ақ Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

Бозайғыр ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі:
Бозайғыр сайлау округі – Бозайғыр ауылдық округінің шекарасында.

Новокубанка ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі:
Новокубанка сайлау округі – Новокубан ауылдық округінің шекарасында.

Пригородный ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі:
Пригородный сайлау округі – Пригород ауылдық округінің шекарасында.

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22,

                                  тел.: 8(71631) 2-11-01;

Комиссия төрағасы – Атабаев Марат Алтайбекұлы;

комиссия төрағасының орынбасары – Сарина Айсулу Бақытжанқызы;

комиссия хатшысы – Батрак Светлана Валерьевна;

комиссия мүшелері: Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы, Власкина Минара Шавердиевна, Дорожкеевич Сергей Вячеславович, Танатов Бүркіт Өтегенұлы.

                                           

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін және құрамы туралы хабарлама
Дата публикации
05 июня 2025