2025 жылғы 13 шілдеге Шортанды ауданының Бозайғыр, Новокубанка және Пригородный ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды тағайындау туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және
8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, және
2 тармағына сәйкес, соныемен қатар, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 91/21 «Шортанды ауданының Бозайғыр, Новокубанка және Пригородный ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, өткізілетін сайлау күні 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалғанын хабарлаймыз.
Ауылдық округтердің әкімдерін кезекті сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында («Сайлау» бөлімінде) орналастырылған.
Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы