2025 жылғы 11 мамырда Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 11 мамырда Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына және 113-10-бабына сәйкес, Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Андреевка сайлау округі:

Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

сайлаушылар тізіміне 698 азамат енгізілген, олардың 491-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» деген жолға белгі қойғандар – 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

Камешева Г.К. – 358; Серикбол Т. – 63; Төлебаев Қ.Ш. – 67.

Андреевка ауылдық округінің әкімі болып Камешева Гүлмира Қайриденқызы сайланды, 1981 жылы туған, Шортанды ауданы «Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Раевка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы

1 мая 2025 года состоялись выборы акима Андреевского сельского округа Шортандинского района Акмолинской области.
Дата публикации
12 мая 2025