Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен айқындалған.
Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алты жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетілген қызметті алушыларға ұсынылады.
Бұл ретте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулер ескеріле отырып, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беріледі.Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің талап етілетін мамандықтарының тізбесі бойынша ұсынылады.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-анасынан (оның ішінде асырап алушыларынан), балаларынан (оның ішінде асырап алынған), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен) тұрғын үй сатып алуға пайдалануға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үйді сатып алуға болмайды.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның немесе куәландырылған бір реттік парольдың көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алу кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сай форма бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
қызмет алушының еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі.
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алу кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сай форма бойынша өтініш;
жеке басын куәлендіретын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
қызмет алушының еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушыларға арналған цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық көшірмелері (сканерленген) бекітіледі, олар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе куәландырылған бір реттік парольмен куәландырады.
Қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжаттарды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтамаларды, еңбек жолы туралы мәліметтерді, орта білімнен кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді Порталдан алады.
Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі қызмет алушыға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы Келісім жасау қажеттігі туралы, есепке қою және кезектілік туралы немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту туралы Порталда хабарлама болып табылады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Шортанды к., Абылай хан к-сі, 22 мекен-жайы немесе 2-15-12, 2-20-68 телефондары бойынша демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін хабарласуға болады.