Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің сайлау учаскелерінің шекаралары және олардың орналасқан жерлері туралы хабарлама

13-баптың 4-тармағына, 14-баптың 6) тармақшасына, 21-баптың 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Республика Конституциялық Заңының 21-бабына, 22-бабына, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 09 қыркүйектегі «Андреевка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» №7 қаулысына сәйкес Шортанды ауданы, Андреевка ауылдық округі әкімінің сайлау учаскелерінің шекарасын және олардың орналасқан жерін хабарлаймыз.

 

Андреевска әкімінің сайлау учаскелерінің шекаралары

 

№ 700 сайлау учаскесі

 

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Андреевка ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, 37, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі  Андреевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Андреевка ауылы.

 

№ 701 сайлау учаскесі

 

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Октябрьское ауылы, Жастар көшесі, 4, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Октябрьский ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Октябрьское ауылы.

Дата публикации
17 апреля 2025