«Shortandy News» газетінің ақпараттық хабары

2025 жылдың 11 мамырға Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындауына байланысты Шортанды аудандық «Шортанды ауданының «Shortandy News»  газеттерінің редакциясы» ЖШС баспа алаңын ұсынады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес  газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады. Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Shortandy News» газетінде «Сайлау-2025» айдарымен жарияланады. 

Қазақстан Республикасының әкімдер кандидаттарына баспа алаңын бергені үшін бір шаршы сантиметр үшін ақы төлеу мөлшері 150 (жүз елу) теңгені құрайды. 

Баспа алаңын ұсыну үшін төлем мөлшері:
• 1 шаршы сантиметр үшін — 150 (жүз елу) теңге.

2025 жылдың 8 мамыр үгіт насихат материалдарын жариялаудың соңғы күні.

 

Дата публикации
17 апреля 2025