Сайлау округінің шекараларын көрсетіп, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6 тармақшасына,
21 бабының 4 тармағына, 22 бабына сәйкес және Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы «Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» №51/106 қаулысының негізінде, Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің құрылғанын және Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамын хабарлаймыз.

 

Шортанды ауданының Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі: Андреевка сайлау округі - Андреевка ауылдық округтің шекарасында;

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22, тел.: 8(71631) 2-11-01;

Комиссия төрағасы – Атабаев Марат Алтайбекұлы;

комиссия төрағасының орынбасары – Сарина Айсулу Бақытжанқызы;

комиссия хатшысы – Макаренко Светлана Валерьевна;

комиссия мүшелері: Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы, Власкина Минара Шавердиевна, Дорожкеевич Сергей Вячеславович, Танатов Бүркіт Өтегенұлы.

                                           

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
11 апреля 2025