Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1 тармағының 1) тармақшасына, 2 тармағына сәйкес, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлау
    2025 жылғы 11 мамырға тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Shortandy News» газеттерінде жариялансын.

 

Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы
Дата публикации
02 апреля 2025